Атыраудың прокуроры ұсталып қалды

17:27, 13 маусым 2019

11 маусымда Атырау прокуратурасы бөлімінің прокуроры Жасұлан Қаратау ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол қызметтік бабын пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

– Қаратау Ж.Ж. қамауға алынды. Іс бойынша тиісті тергеу шаралары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды, – делінеді хабарламада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!