Атыраудағы жантүршігерлік жол апатын тергеуді облыс прокуроры өз бақылауына алды

16:50, 23 қыркүйек 2019

Облыс прокуроры Атыраудағы жантүршігерлік жол апатын тергеуді өз бақылауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда таңғы сағат 09:30-да Баймұханов көшесінде жол апаты болып, жаяу жүргінші қаза тапты. "Тойота Камри" көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 17 жастағы колледж студентін қағып кетті. Жігіт оқиға орнында қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

"Қазіргі уақытта тергеу органы бірқатар сот сараптамасын жүргізіп жатыр. Прокуратура қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу туралы жазбаша тапсырма берді. Тергеуді облыс прокуроры жіті бақылауға алды", - деп хабарлады Атырау облыстық прокурорының аға көмекшісі Қанат Қабдолов.

Бұдан бұрын жаяу жүргіншіні қаққан жүргізуші ұсталғаны хабарланған. Сондай-ақ студентті қаққан көлікпен жарысқан Мерседес көлігі де автотұраққа қойылған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!