Атырауда жылу құбыры жанынан жаңа туған шақалақ табылды

13:01, 16 қаңтар 2020

15 қаңтарда, таңертең Атырауда Авангард-3 ықшам ауданында жергілікті тұрғын даладан орамалға оралған шақалақты тауып алды, деп жазады azh.kz.

Сыртқа шыққан әйел баланың жылаған дауысын естіген. Жанына жақындап барса, жерде кішкентай бала ораулы жатқан. Сәбиді дереу үйіне алып кірген ол бірден жедел жәрдем қызметі мен полицияға хабар берген.

Полиция департаменті бұл фактіні растап, "тексеру жүріп жатыр" деп мәлімдеді.

"Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына сағат 07:31 уақытында келді. Шақалақ толық мерзіміне жетіп туылған қыз бала болып шықты. Оған "қатты суықтаған" деген диагноз қойылды. Нәресте облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Алғаш келгенде баланың жағдайы "тұрақты, ауыр" болған, қазіргі уақытта ол "тұрақты" болды", деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Қазір баланы құтқару үшін дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Ол жаңа туған нәрестелерді жетілдіріп, күтуіне арналған арнайы "кувезде" жатыр, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Осыған ұқсас қылмыс Атырау қаласында 2017 жылдың қараша айында болған. Ол кезде Нұрсай ықшамауданындағы үйлердің маңындағы қоқыс жәшігінде жатқан пакеттен бала табылған. Кейінірек бала асырап алынды, бірақ оның биологиялық анасы сол күйі табылмады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!