Атырауда жылу құбыры жанынан табылған нәрестеге қатысты тергеу басталды

15:57, 16 қаңтар 2020
323

Атырау қалалық полициясы жылу құбыры жанынан табылған жаңа нәрестеге қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

15 қаңтарда, таңертең Атырауда "Авангард-3" ықшам ауданында жергілікті тұрғын даладан орамалға оралған шақалақты тауып алды,.

Сәбиді дереу үйіне алып кірген ол бірден жедел жәрдем қызметі мен полицияға хабар берген.

Нәресте облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

"Қазір ол жаңа туған нәрестелердің күтіміне арналған арнайы "кувезде" жатыр", деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

"Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу қозғалды", - деп хабарлады Атырау қалалық ПД баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!