Атырауда жүрегі ұстап қалған көлік жүргізушісі аялдамаға соғылды

10:45, 21 маусым 2018

Оқиға кезінде аялдамада тұрған екі адам зардап шекті. Олар ауыр жағдайда ауруханада жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі caravan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Тойота» көлігі аялдамаға соғылған кезде ол жерде тұрған екі адам екі жаққа құлаған.

Шетелдік көліктің рөлінде 19 жастағы жүргізуші отырған. Алдын ала болжам бойынша, оның жүрегі ұстап қалғандықтан, көлік рөлін басқара алмай қалған. Көліктің аялдамаға қатты соғылғаны соншалықты, сол жерде тұрған адамдар бірнеше метрге ұшып кетіп, аялдаманың өзі құлап қалды. Әртүрлі дене жарақатын алған екі адам ауруханаға жеткізілді.

«Бізге ауыр жағдайдағы екі адам келіп түсті. Оның біреуіне хирургия бөлімінде ота жасалды, ал екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр», - дейді Атырау қалалық облыстық аурухананың дәрігері Рафхат Қанатов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!