Атырауда 18 жастағы Азия чемпионын белгісіз біреулер атып кетті

17:45, 11 тамыз 2020
375

9 тамызға қараған түні Дамбы мен Құрманғазы ауылдарының жігіттері арасындағы төбелес кезінде белгілі атыраулық спортшы, грэпплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатов қаза тапты. Ол жүрегіне тиген оқтан қайтыс болды, деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы.

Бір апта бұрын ол 18 жасқа толған еді.

Атырау облысының полиция департаменті бұл оқиға туралы әзірге түсінік берген жоқ. Сондай-ақ, оны өлтірген адам ұсталды ма, жоқ па, ол да белгісіз. Ал жергілікті тұрғындардың айтуынша, келесі күні Дамбыда полицейлер рейд жүргізген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!