Атырауда 3 жасар бала түтінге уланып көз жұмды

17:21, 17 сәуір 2018

Атырауда түтінге уланған 3 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Жер үйдегі өрт кезінде 3 жастағы ұл бала түтінге уланып,облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді. Ыс тию салдарынан жағдайы күрт төмендеген баланың өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады», - деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Себептері әлі анықталмаған өрт сәуірдің 16 күні болған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!