Атырауда жарылыс болды: газ толтыру бекетінің күл-талқаны шықты

12:07, 5 маусым 2020

Атыраудағы газ құю бекетіндегі өртті сөндіру кезінде төрт адам, оның ішінде екі өрт сөндіруші зардап шекті, деп хабарлайды zakon.kz.

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 маусымда таңертең Атырау қаласында Атамбай көшесінің бойында "ПромГаз" ЖШС аумағында газ құю кезінде газ сыртқа шығып қалып, Ford автоцистернасының жүк салонында өрт шығып, іле-шала алапат жарылыс болды. Жарылыс салдарынан 60-70 метр қашықтықта орналасқан ғимарат та қирады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Пожар???? ???? Атамбаева, газовая заправка ⠀ Подпишись???? @zello_atyrau_06 @zello.atyrau.official ????✔️

Публикация от АТЫРАУ | КАЗАХСТАН ???? (@zello_atyrau_06) 4 Июн 2020 в 9:56 PDT

Оқыс оқиға орнына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды. Сағат 9-58-де өрт сөндірілді. Күйік шалған 4 адам ауруханаға жеткізілді: бекет жұмысшысы, отын тасымалдау көліктің жүргізушісі және Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің екі қызметкері - бөлім командирі мен ТЖ-4 бөлімінің өрт сөндірушісі, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Өрттің шығу себептері мен келтірілген зиян мөлшерін облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы анықтайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!