Атырауда үй шатыры көліктердің үстіне құлады

17:03, 12 сәуір 2019

Атырауда дауыл ұшырып әкеткен үй шатыры көліктердің үстіне құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖ салдары Ғаламторда пайда болды. Кадрларға қарағанда бес қабатты тұрғын үйдің шатыры жұлынып, ол бірнеше көліктің үстіне барып құлаған.

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 12 сәуір күні сағат 14:00 шамасында Атырауға таяу орналасқан Балықшы ауылында орын алған.

- Екпіні 18 м/с жылдамдықпен соққан қатты желдің нәтижесінде Құнанбаев көшесінде орналасқан №12 бес қабатты тұрғын үйдің шатыры жартылай жұлынған. Қопарылған шатырдың жалпы аумағы 125 шаршы метрді құрап отыр. Салдарынан үш жеңіл автокөлік зардап шекті. Абырой болғанда қаза тауып, жапа шеккендер жоқ. Оқиға орнында комиссия жұмыс жасап жатыр, - деді ведомстводағылар.

Сурет: ҚР ІІМ ТЖК

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ветер снёс крышу в Атырау???? (Балыкшы) _ #atyrau

Публикация от АТЫРАУ АВТО СООБЩЕСТВО#️⃣1️⃣ (@zello_atyrau) 12 Апр 2019 в 2:06 PDT


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!