Атырауда Теңіз кенішінің 13 жұмысшысы коронавирустан жазылып шықты

18:24, 20 мамыр 2020
132

Атырауда Теңіз кенішінің 13 жұмысшысы коронавирустан жазылып шықты. Өңірде Covid-19 індетінен сауығып шыққандар саны 193 адамға жетті, деп хабарлайды zakon.kz Жедел штаб хабарламасына сілтеме жасап.

Атырау облысында тағы 13 адам коронавирус инфекциясынан айықты. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, олардың барлығы – Теңіз кенішінің жұмысшылары.

Атап айтқанда, 47, 43, 49, 42, 38, 32, 28, 31, 32 жастағы тоғыз ер адам және 42, 39, 42, 44 жастағы төрт әйел.

- Қазіргі уақытта емделіп шыққандардың барлығы өзін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетті, - дейді штабтағылар.

Осылайша, Атырау облысында қауіпті дерттен сауығып шыққандар саны 193 адамға жетті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір