Атырауда резерват өртеніп, қала түтінге оранды
Атыраудағы резерваттың өртенуі салдарынан қаланы түтін басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақ Жайық» табиғи резерватында қамыс өртенді. Өрт жылдам тарап, 7 гектар аумақты бірден жалын шарпыды.
Одан шыққан түтінді жел облыс орталығына қарай ұшырып, қаланы тұтастай түтін басты.
«Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен резерват инспекторлары өртті ауыздықтады. Жайықтың сағасында кішігірім аумақта ғана қалып отыр, ол жер батпақты болғандықтан, өрт сөндіруші көліктің жетуі қиын. Өртті сөндіруге 25 қызметкер және 5 техника жұмылдырылған», - деп мәлімдеді өңірдің төтенше жағдайлар департаменті.
Резерватпен бірге қоқыс үйіндісі де өртенген. Оны сөндіруге 15 адам және 2 техника жұмылдырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:09, 29 наурыз 2024
Қазақстанда су тасқынына байланысты екі өңірде жол жабылды
-
19:52, 29 наурыз 2024
ҰҚК Астанадағы адам көп жиналатын жерлерде лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өткізеді
-
19:35, 29 наурыз 2024
Синоптиктер Қазақстанның 18 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
19:10, 29 наурыз 2024
Түркістан облысында мектеп мұғалімі сабаққа ұлттық киіммен келген оқушыларға қысым көрсеткен
-
18:41, 29 наурыз 2024
Қостанай облысындағы «Желқуар» автомобильдік өткізу пунктінің жұмысы уақытша тоқтатылды