Атырауда полиция қызметкері түскі асқа кеткенде ұсталған адам асылып, қайтыс болды

16:51, 19 мамыр 2020
121

Атырауда полиция қызметкері түскі асқа кеткенде, қамауға алынған адам асылып қалған, деп хабарлайды zakon.kz.

Мой город порталының хабарлауынша, Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметінің дерегіне сәйкес, 10 наурыз күні полиция қызметкерлері қалалық полиция басқармасына 52 жастағы ер адамды әкеліп тастайды.

Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы, "Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер" бойынша ұсталды. Ол камераға орналастырылды.

Полиция офицері Бекжанов өзінің міндеттеріне сәйкес тәулік бойына арнайы бөлмеде болып, тіртіпті қадағалауы керек еді. Алайда ол түскі асқа кеткен, сол кезде камерадағы адам асып, мерт болған.

17 сәуірде сот үкімімен Бекжанов ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы, 2-бөлігі, яғни "Абайсыздықтың салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соғуы" бойынша кінәлі деп танылды. Ол 1,5 жылға сотталды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір