Атырауда облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің ісіне қатысты сот отырысы өтеді

10:35, 18 қазан 2018

Бүгін Атырау қаласында облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен оған қарсы қозғалған қылмыстық істің басқа да қатысушыларына қатысты сот отырысы басталады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 18 қазан күні сағат 09:30-да Атырау облысының бұрынғы әкімі Б.Рысқалиев пен ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша (ескі редакцияда) айыпталып отырған 8 сотталушыға қатысты басты сот қарауы болып өтеді. Қылмыстық іс 754 томнан тұрады. 2018 жылдың 3 қазанында бұл іс бойынша алдын ала тыңдау өткен. Сотталушылардың оған келмеуіне байланысты, іс сырттай тәртіпте қарастырылады», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, сотқа келмеген сотталушыларға ҚПК 67-бабына сәйкес қорғаушылар С. Жүнісбеков, Г. Назарбек, А. Есбосын, А. Қосымбаев тағайындалды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!