Атырауда құнды құжаттарды қоқысқа тастаған кім екені белгілі болды
Атырауда мемекеттік мекемеге тиесілі құжаттарды қоқысқа тастаған көліктің иесі анықталды. 28 жастағы жергілікті тұрғын, құрылыс компаниясында көлік жүргізеді. Ол құжаттарды құрылыс қалдықтарымен бірге Әділет департаментінің қоқыс жәшігінен алғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Astanatv.kz мәліметі бойынша, енді ол қалалар мен елдiмекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу бабы бойынша, айыппұл төлеуге міндеттелді.
Мейірім Ақдәулет, Атырау облысы ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бастығы:
- Аталған дерек бойынша іздестіру шараларының нәтижесінде 28 жастағы автокөлік иесі анықталып, ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы кодексінің 505 бабы бірінші бөлігіне байланысты хаттама толтырылды.
Айта кетсек, қала маңындағы аумаққа төгілген қоқыс қалдықтары арасынан төлқұжаттар мен бірнеше маңызды қағаздар табылған. Ішінен тіпті 2028 дейін жарамды жеке куәлік, халыққа қызмет көрсету орталығының жеке мөрі мен жұмыс жоспары да жүр. Алайда бір ғимаратта орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығы да, әділет департаменті басшылары да бастарын ала қашқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:26, 20 сәуір 2024
Петропавлда гуманитарлық көмектің ұрланғаны туралы жалған хабар таратқан әйел жауапқа тартылды
-
13:16, 20 сәуір 2024
Сүйінші! «Міржақып. Оян қазақ» фильмі екі номинация бойынша үздік деп танылды
-
12:55, 20 сәуір 2024
Ақтөбе тұрғыны қызды зорлап, артынша оны жетінші қабаттан лақтырып жіберген
-
12:40, 20 сәуір 2024
Дзюдодан АЧ-2024: Қазақстанның төрт татами шебері қола медалға таласады
-
12:00, 20 сәуір 2024
Алматы облысында жұмыс істеп тұрған ірі есірткі зертханасы табылды