Атырауда коронавирус жұқтырған 12 адамның жағдайы туралы айтылды

13:08, 30 наурыз 2020

Қазіргі кезде науқастар өзін жақсы сезінеді, көп жағдайда ауру симптомсыз жүруде, деп хабарлайды zakon.kz Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, Атыраудағы коронавирус инфекциясы бар он екі науқастың жағдайы қалыпты.

Науқастардың көпшілігінде ауру асимптоматикалық жағдайда өтуде, ал, екі емделушіде құрғақ жөтел бар. Олардың барлығы тиісті күтіммен және емдік шаралармен қамтамасыз етілген.

Естеріңізге сала кетейік, 30 наурыз күні Атырауда коронавирустық инфекцияның тағы алты жағдайы анықталған болатын. Науқастар оқшауланып, арнайы медициналық мекемеге орналастырылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!