Атырауда кафе мен мейрамханалардың жұмыс уақыты ұзартылды

17:29, 28 қыркүйек 2020
367

28 қыркүйекте Атырау облысында бас санитарлық дәрігері Асылбек Шаровтың жаңа қаулысы шықты. Оған сәйкес, облыстағы шектеу шаралары мерзімі 28 қыркүйектен 12 қазанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мой город" басылымы атап өткендей, ойын-сауық мекемелерінің, мысалы, караоке-барлар, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, балалар ойын алаңдары және жабық аттракциондар, батуттар, кинотеатрлар (ашық аспан астындағы кинотеатрлар мен букмекерлік кеңселерді қоспағанда) қызметіне тыйым салынады.

Жаңа жарлыққа сәйкес, қоғамдық тамақтану орындарының, кафе мен мейрамханалардың қызметі сағат 8.00-ден 00.00-ге дейін рұқсат етілген. Онда да әлеуметтік арақашықтықты және қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, 50-ден аса адамға ғана рұқсат.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!