Атырауда хиджаб киген оқушы қыздардың ата-аналарына айыппұл салынды

10:35, 21 қыркүйек 2018
505

Атырауда 16 оқышуның ата-анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұндай жағдайларда ата-аналарға алдымен ескерту жасалады. Мектеп басшылары оларды көндіре алмайтын болса, заңды негізде «Ата-аналардың немесе өзге заңды өкілдердің білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған міндеттерді тиісті деңгейде орындамау» ӘҚБтК бабына сәйкес әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады.

«16 ата-ананың ісі сотқа жіберілді. Онда 5 АЕК, яғни 12 025 теңге көлемінде қаражат өндіріп алу туралы шешім шықты», - деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы бойынша білім саласында бақылау департаментінің басшысы Сатқан Есенғалиев.



Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!