Атырауда ер адамды шолақ мылтықпен атып кетті

12:52, 19 сәуір 2019
278

Атырауда ер адамды атып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz "АЖ" басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде адам шошырлық видео тарады - көлік жанында тұрған ер адамға екінші біреуі дереу таяп келіп, шолақ мылтықпен атып түсіреді, сосын бірден қаша жөнелген. Оқиға Атыраудағы Привокзальный тұрғын алабында орын алған.

Басылымның хабарлауынша, 16 сәуір күні сағат 19:05 Атырау облысы Мақат ауылының 39 жастағы тұрғыны 32 жасар жерлесін атып кеткен. Ал сәл кейінірек, жарақат алаған жігіт облыстық аурухананың жан сақтау бөлімшесінде жан тәсілім еткен. Жанкештінің қасында оның 17 жасар сыбайласы болған, ол да мақаттық. ҚР ҚК 99 (Адам өлтіру) бабының 1 бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр.

Ал Полиция департаментіндегілер ресми сұрау жолдауды сұрап, оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!