Атырауда екі ай бұрын жоғалған жігіт өлі күйінде табылды

08:57, 20 сәуір 2021
231

© Сурет: видеодан кадр

Атырауда осыдан екі ай бұрын жоғалған азамат өлі күйінде табылды, деп хабарлайды zakon.kz ATYRAÝ телеарнасына сілтеме жасап.

1991 жылғы Наурыз Атекешовтың денесі "Атырау-Индер" тас жолында орналасқан шаруа қожалықтарының бірінен шыққан.

Мәйітті қараусыз қалған контейнерден сол маңның бақташысы анықтапты. Қара суықта далада қалған Наурыз, құлыптаулы тұрған контейнерге терезеден кірген деген болжам бар.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұм ешқандай жарақат алмаған. Алайда денесі шіри бастаған.

Қазір мүрде сот-медициналық сараптамадан өткізілуде.

Айта кетейік, Талғайраң елдімекенінің тұрғыны Наурыз Айтекешов ақпан айынында іс-түссіз жоғалып кеткен. Ұмытшақтық сырқаты бар жас жігітті іздеуге полиция, ұлттық ұлан және төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, сондай-ақ еріктілерді қосқанда барлығы 200 ден астам адам жұмылдырылған еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!