Атырауда анықталған 13-ші науқас 49 жастағы әйел болып шықты

11:29, 31 наурыз 2020
513

Атырауда коронавирус жұқтырған он үшінші адам - 49 жастағы әйел. Ол өзін жақсы сезінеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Әйел 21 наурызда Алматы-Атырау рейсімен келген, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ол оқшауланған және жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Науқастың жағдайы тұрақты, өзін жақсы сезінеді.

Қазір полиция онымен байланыста болған адамдарды іздестіріп жатыр.

Дәрігерлер алдыңғы он екі науқастың жағдайын тұрақты деп санайды, ауруханаға жатқызылған екі науқастың сәл жөтелі бар.

Бір күн бұрын, 30 наурызда Атырауға карантин қойылды.

Қазақстанда 31 наурызда сағат 09.40 уақытындағы дерек бойынша, елімізде вирус жұқтырғандардың саны 325 адамға жетті. Оның ішінде 21 адам сауығып шықты, біреуі қайтыс болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!