Атырау тұрғындары мемлекеттік туды таппай қалып, айран-асыр

10:49, 28 мамыр 2022
249

© Сурет: pixabay

Атырауда ауа тымық болып тұрғанына қарамастан тутұғырда жалаудың ілінбей тұрғанына бірнеше күн болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тудың маталары әлі сатып алынбаған. Қазір бұрынғыдан қалған тудың бір дана матасы бар екен. Бұл туралы қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімнің өндірістік-техникалық секторының меңгерушісі Алмас Сәрсенов айтты, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Айта кетсек, биыл тутұғырды күтіп ұстауға және қызмет көрсетуге жергілікті бюджеттен 8 миллион, тудың 14,5х29,5 метр көлеміндегі 10 дана матасын сатып алуға қосымша 5 млн теңге бөлінген.

Биыл тутұғырды күтіп ұстау және қызмет көрсетуге мемлекеттік ашық конкурста «IBROHIM» ЖК жеңімпаз деп анықталған. Кәсіпкермен 11 мамырда құны 4 440 000 теңгенің келісімшарты жасақталған.

Техникалық ерекшеліктерге сәйкес мердігер жыл бойы мемлекеттік рәмізді түсіріп көтеру, тұғырдың механизмдерін жөндеу, оларды майлап-сырлау, техникалық бөлмені ретке келтіріп тазалау, электр қорабына қызмет көрсету, нысанды күзету жұмыстары қарастырылған, - дейді Сәрсенов.  

Құзырлы мекемеден: "Неліктен бірнеше күн қатарынан ту орнында жоқ" деген сауалға жауап та алынды.

Қызмет көрсету талаптарына сай жел жылдамдығы секундына 8 метрден күшейген жағдайда, ту түсірілуі тиіс. Қазіргі таңда ауа райының құбылмалы болуына байланысты ту уақытша түсірілген. Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімнің өндірістік-техникалық секторының меңгерушісі Алмас Сәрсенов

Айта кетсек, «Қазгидрометтің» мәліметінше, мамырдың 11-і мен 20-сы аралығындағы жел жылдамдығы тек 19 мамыр күні секундына 8 метрді көрсетіп тұр. Басқа күндері одан жоғары.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!