Атырау соты экологиялық айыппұлға қатысты шағымды қанағаттандырмады
"Атырау Облысы Су Арнасы" КМК және АМӨЗ қоршаған ортаны ластағаны үшін оларға Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі қалалық басқарма әкімшілік айыппұл салған, деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы.
Бұдан бұрын экология департаменті биылғы 6-8 қаңтар аралығында ауаны ластаушы - зауыт пен "Атырау Облысы Су Арнасы" пайдаланатын Сасықсай екенін анықтаған еді. Осыдан кейін санитарлық дәрігерлер айыппұл салды. Бірақ айыппұл салынғандардың пікірінше, Экология департаменті расталмаған мәліметтерді пайдаланған, соған байланысты олар соттан әкімшілік істі тоқтатуды сұрады.
Сотта қалалық СЭС өкілі былайша түсіндірді. "АМӨЗ" ЖШС мен "Атырау Облысы Су Арнасы" КМК-ны әкімшілік жауапқа тартуға Экология департаментінің материалдары негіз болған. Онда "Қазгидромет" РМК филиалының мәліметінше, 6-8 қаңтар аралығында күкіртсутегі бойынша ШРК 11-ден 22 есеге дейін асқан және бұл күндері ауаны Сасықсайдың ластағаны айтылған.
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша барлық дәлелдер заң талаптары ескеріліп алынды, осыған байланысты сізден шағымды қанағаттандырмауыңызды сұраймыз, - деді ол.
Атырау мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Сәния Кенжеәлиева шағымды қанағаттандырмады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:52, 25 сәуір 2024
Жамбылдық депутат нанның бағасын 500 теңгеге дейін көтеруді ұсынды
-
14:24, 25 сәуір 2024
Бірқатар қазақстандықтар Тоқаевтан орден мен медаль алды
-
13:58, 25 сәуір 2024
Қырғызстан ауылдарында сел жүрді
-
13:33, 25 сәуір 2024
Қазақстанда ТЖМ техникалық базасы жаңартылады
-
13:20, 25 сәуір 2024
Президент су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіруге қатаң мерзім қойды