Атырау облысында жер үйде газ жарылды. Бүкіл отбасы зардап шекті

17:22, 21 мамыр 2020

Атырау облысында газ шығып, үй жарылды, төрт адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, оқыс оқиға 21 мамырда сағат 08:15-те Құрмағазы ауылында жер үйде болды.

Алдын ала болжам бойынша, Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылында орналасқан жеке меншік тұрғын үйде газ плитаға қосылған газ желісінен газ шығып қалып, үй жарылды.

Жарылыс салдарынан тұрмыстық заттар мен жиҺаздар өртке оранды, 100 шаршы метр болатын үйдің төбе жабындысына қызыл от тиген. 09 сағат 48 минутта өрт толықтай сөндірілді. Оқиға салдарынан күйікпен төрт адам ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде үш адам бет және қолын орташа дәрежелі ауырлықта күйік шалған, ал бір адамның денесінің 90% күйіп қалып, ауруханада ауыр жағдайда жатыр.

Өртті сөндіруге ТЖК-ның 20 қызметкері, үш бірлік техникасы жұмылдырылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!