Атырау облысында пандемия басталғалы 12 мыңға жуық нәресте өмірге келді

16:06, 30 қазан 2020
437

Атырау облысында пандемия басталғалы бері 12 мыңға жуық нәресте өмірге келген, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 538-ге жоғары.

"2020 жылдың 1 наурызынан бастап, облыста 11 794 босану дерегі тіркелді. Бұл тәулік бойынша орташа есеппен 25 ана босанды деген сөз" деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, коронавирус пандемиясы кезінде облыстық перинаталдық орталық жанынан 30 кереуеттік, Атырау қалалық перзентхана жанынан 8 кереуеттік провизорлық стационар жасақталған болатын.

КВИ анықталған әйелдер аталған стационарларда босанды. Алайда, олардың балаларының ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталған жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!