Атырау облысында Covid-19 жұқтырудың 86 жаңа жағдайы тіркелді

15:08, 18 мамыр 2020
369

Атырау облысында Covid-19 індетінің тағы 86 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz Атырау облысының Жедел штабына сілтеме жасап.

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 627 адамға жетті.

Қауіпті дертке шалдыққандардың 84-і – Теңіз кен орнынан шығар алдында скринингтен өткен жұмысшылар.

- Ал, тағы екі науқас – 1986, 1997 жылғы әйелдер. Олар провизорлық стационарға жұмыс бабымен жіберілген облыстық аурухананың санитары мен лаборанты, - дейді штабтағылар.

Covid-19-ға алынған тесттен оң нәтиже көрсеткендер инфекциялық стационарға жатқызылып, тиісті хаттамаға сәйкес ем алады.

Қазіргі уақытта инфекция ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Науқастармен байланыста болғандар анықталып, олар дәрігерлердің бақылауына алынды.

Осылайша, Атырау облысында қауіпті дертке шалдыққандар саны 627 адамға жетті. Ал коронавирустан айыққандар саны - 165.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!