Атырау облысы әкімінің орынбасары жаңадан тағайындалды

13:24, 18 қаңтар 2020

Президенттің жастар кадрлық резервіне іріктелген 300 маманның қатарына кіретін Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының тұрғыны Ержан Әбылханов Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

Оны облыс активіне 17 қаңтар күні таныстырды.

1984 жылы туған Ержан Әбылханов "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты, Малайзия технологиялық университетінде оқыған. Осыған дейін ҚР Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Ол ҚР Энергетика вице-министрі лауазымына кеткен Жұмабай Қарағаевтың орнына құрылыс және ТКШ саласына жетекшілік етеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!