Атырау мектептерінде 300-ден астам мұғалім жетіспейді
Қалалық білім басқармасында Атырау мектептерінде қандай ұстаздардың жетіспейтінін айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Соңғы жылдары Атырау мектептерінде орыстілді сыныптарға сұраныс артты. Қоғамдық пікір сауалнамалары көрсеткендей, бұл түлектердің келешекте Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алуға ниет білдірулерімен байланысты болып шықты. Біздің мамандар ата-аналарды қазақ сыныптарын таңдап, құжаттарды қазақ мектептеріне тапсыруға көндіруге тырысады. Дегенмен орыстілді мектептерге сұраныс артуда. Салдарынан орыстілді сыныптарда ұстаздар жетіспей жатыр», - деді қалалық білім басқармасының жалпы білім секторының меңгерушісі Аманбек Хұсынов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
А. Хұсыновтың айтуынша, бүгінде Атырау мектептерінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ жүргізетін 79 мұғалім, 6 психолог, 16 технология ұстазы, 90 бастауыш мектеп мұғалімі, физика пәнінен 11 мұғалім, математикадан - 29, тарихтан - 9 мұғалім қажет.
Сондай-ақ, қазақ және орыс сыныптарында дене тәрбиесінен сабақ беретін 19 ұстаз, бастапқы әскери дайындықтан 3 маман, 6 химик және 4 биолог, қазақ мектептерінде математиканы оқытатын 33 мұғалім жетіспейтін болып шықты.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:17, 20 сәуір 2024
«Шаңды дауыл тұрады». Еліміз бойынша 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
-
16:08, 20 сәуір 2024
Бектенов Astana Hub стартап-жобаларымен танысып, жастарды қолдау шараларын күшейтуді тапсырды
-
15:20, 20 сәуір 2024
Жанарыс Рахметқали дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
15:15, 20 сәуір 2024
Қазақстан спортшылары каноэ мен байдаркада есуден Азия чемпионы атанды
-
15:09, 20 сәуір 2024
Ғалия Тынбаева дзюдодан Азия чемпионатында қола медаль иеленді