Атырау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

16:14, 18 ақпан 2019
334

Атырау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл орынға бұған дейін Атырау облысы бойынша ревизиялық комиссиясы аппаратын басқарған Қаражанов Жұмабек келді - деді Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі.

18-ақпан күні Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы аппараттық жиналыс кезінде өзінің жаңа орынбасарын тағайындады. Жұмабек Қаражанов қаржылық-экономикалық, кәсіпкерлік, ауыл-шаруашылық және мал дәрігерлік салаларына жетекшілік ететін болады.

Жұмабек Қаражанов - Атырау облысының тумасы. Қазақ-Британ техникалық университетін және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын "экономика және бизнес" бакалавры мен "экономика және бизнес" магистрі мамандықтары бойынша тәмамдаған. "Мемлекеттік аудитор" сертификатының иегері.

Жаңадан тағайындалған әкім орынбасары бұған дейін "Атырау облысы бойынша Ревизиялық комиссиясында" әр түрлі лауызымдық қызметтер атқарған. Ішкі аудит, ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету және қызметкерлерді басқару қызметінде сапалық бақылау бөлімінің басшысы қызметтерінде жұмыс жасаған.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне келмес бұрын, ол "Атырау облысы бойынша Ревизиялық комиссия аппаратының жетекшісі болып" қызмет атқарды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!