Атөбедегі оқушы қыздардың төбелесіне қатысты полиция түсініктеме берді

13:18, 22 қыркүйек 2020

Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінде оқитын қыздар арасындағы төбелеске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Биыл 20 қыркүйекте Темір ауданының 8-9 сынып оқушылары арасында жанжал болып, салдарынан оқушы қыздардың бірі 8 сынып оқушысын ұрып тастады, қалған куәгерлер бұл оқиғаны ұялы телефон камерасына түсіріп алған. Аталған факті бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл фактіні Темір аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлары анықтады, - делінген Ақтөбе облыстық ПД хабарламасында.

Балаларына дұрыс тәрбие бермегені үшін қыздардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі қазір қарастырылып жатқандығы да атап өтілді.

- Біз ата-аналарды балаларының, әсіресе жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселесіне аса жауапкершілікпен қарауға және олардың құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік барын айтып отыруға шақырамыз. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар ауданның білім беру мекемелерінде профилактикалық жиын өткізді, - деп түсіндірді Ақтөбе облысының полиция бастығы Атығай Арыстанов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!