Атбасарда өзен жағасынан қарт адамның денесі табылды

17:27, 22 мамыр 2018
417

Ақмола облысы Атбасар ауданында өзен жағасынан ер адамның денесі табылды. Қарт кісінің неден қаза тапқаны анықталып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Шульское ауылы жанындағы Жыланды өзені жағасынан ер адамның денесі табылды", — деп хабарлады полиция.

Қаза тапқан адамның кім екені белгілі болды, 1942 жылы туған зейнеткер. Мәйітті тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

"Өлімнің себептері анықталып жатыр, бастапқы деректер бойынша, суға кеткен", — деп хабарлайды ІІД.

Өткен демалыста Теміртауда өртеніп кеткен ер адамның денесі табылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!