Атаулы әлеуметтік жәрдемақыны заңсыз алғандардан ақшаны қайтару талап етілді
11:44, 16 тамыз 2019
Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін астаналық отбасылар табысын жасырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Биыл атаулы әлеуметтік көмек алудың форматы өзгерді. Жаңа форматқа сәйкес жыл басынан бері 5 669 елордалық отбасы аталған көмекке ие болды. Сондай-ақ, біз отбасылардың табысын тексеруге кіріспекпіз. Оған себеп атаулы әлеуметтік көмек алу мақсатында табысын жасырған 1 118 отбасы анықталды. Айта кету керек, бұл отбасылардың теріс әрекеті уақытында анықтап, оларға атаулы әлеуметтік көмек беруден бас тарттық. Сондықтан да тексеру нақты осы көмекке мұқтаж жандарды анықтауға септігін тигізеді деген ойдамыз", - деді Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина қалалық мәслихат отырысында.
Дегенмен басқарма басшысының сөзіне сенсек табысын жасырып, АӘК-ті алып үлгерген отбасылар бар болып шықты.
"Табысын жасырған отбасылар инвентаризация жүргізу барысында анықталып отыр. Ендігі уақытта осындай әрекет үшін өтінім иесімен қоса, жұмыс беруші де жауап беретін болады. Біз бұл мәселені әрбір отбасымен жеке талқылауды қолға алмақпыз. Алғашқы уақытта оларға алған жәрдемақыны қайтару керектігі ескертіледі. Егер өз еріктерімен қайтармаған жағдайда сотқа жүгінетін боламыз", - деді ол.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:58, 23 сәуір 2024
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер төлемсіз демалыс ала алады
-
14:34, 23 сәуір 2024
Су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынатын үйлер қандай жабдықтармен қамтылмақ
-
14:04, 23 сәуір 2024
Су басқан саяжайлар үшін қандай қолдау шаралары қарастырылған
-
13:30, 23 сәуір 2024
Қазақстанда тұрғын үй бағасы өсуі мүмкін бе
-
13:03, 23 сәуір 2024
1 мамырдан бастап Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама басталады