«Атамекен» ҰКП наурызда ұйым жұмысын реформалау бойынша ауқымды съез өткізеді

09:25, 26 қаңтар 2022

© Сурет: pixabay

Бұл туралы Facebook арқылы тікелей эфирге шыққан «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Палата мүшелері съезді 17 наурызда өткізуді жоспарлапотыр.

Біз басқарма активімізбен, 17 өңірдің өңірлік активтер өкілдерімен және құрметті салалық қауымдастықтармен кездесу өткіздік. Талқылау барысында біз апта соңына дейін өңірлік кеңестердің тиісті отырыстары өтеді деп келістік. Съез – Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғарғы органы. Егер делегаттар жиналса, онда тек реформалау мәселелерін талқылау керек. Абылай Мырзахметов

Төрағаның айтуынша, апта соңына дейін өңірлік кеңестер өз отырыстарын өткізіп, ҰКП-ны реформалау бойынша қандай мәселелер қажет деп есептейтінін ортаға салады. Өңірлердегі бизнесті толғандыратын мәселелерді қозғап, салалық комитеттердің отырыстарын өткізеді. Сол арқылы ҰКП реформасы мен салалардың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар береді. Әрбір комитет пен өңірлік кеңестен жұмыс тобына екі адам делегация болады. Осы іс-шаралардың бәрі ашық форматта өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!