Атақты жұлдыздар суреті ілінген Barclays Center галереясында Димаштың да суреті пайда болды

16:20, 27 ақпан 2020
380

Нью-Йорктегі атақты жұлдыздар суреті ілінген Barclays Center галереясында Димаштың да пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

2019 жылы 10 желтоқсанда Димаш Нью-Йорктегі Barclays Center стадионында жеке концертін өткізіп, шетелдік көрермендерін көзайым еткен. Ол атақты Элтон Джон мен Пол МакКартни тұрған сахнада ән шырқап, солар сияқты толы стадионды өз өнерімен тәнті етті.

Barclays Center-де бұрыннан атақты әншілер ғана ән салып келген. Оны осы орталықтың қабырғасына қойылған суреттер галереясынан анық байқауға болады. Мен деген әншінің бәрі тұр онда. Енді солардың қатарына Димаштың да суреті ілінді.

"АҚШ. Нью Йорк. Атақты жұлдыздар суреті ілінген Barclays Center галереясында Димаштың да суреті ілулі тұр", - деді Қанат Айтбаев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!