Атақты әнші Лара Фабианның Димашты құшақтаған видеосы жарияланды

10:33, 12 қараша 2019
413

Әлемдік деңгейдегі әнші Лара Фабиан мен Димаш Құдайбергеннің құшақтасқан видеосы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода атақты әншілер концерттен кейінгі әсерлерімен бөлісті. Арадағы диалог былай өрбіді:

Димаш: Алғаш рет Лара Фабианмен бірігіп ән салғаннан кейінгі сәт бұл. Жақсы көремін.

Лара Фабиан: Барлықтарыңызға сәлем, мен мұнда Димашпен біргемін. Біз жаңа ғана бір тамаша концертті аяқтадық. Мен екеуміздің орындауымыздағы әннен керемет ләззат алдым.

Димаш: Рақмет Сізге, мен кішкентай күнімнен осындай кезді қатты армандағанмын.

Лара Фабиан: Біз мұны (бірігіп ән салуды) алда тағы жасаймыз, жақсы ма?

Димаш: Жақсы! Кездескенше күн жақсы!

Айта кетсек, қазан айының соңында Димаш Құдайберген Мәскеудің мұзайдынында Игорь Крутойдың 65 жылдық мерейтойлық концертіне қатысып, танымал опера әншілерімен бірге ән шырқады.

Димаш "Ti amo cosi" әнін Лара Фабианмен және ресейлік операның сопрано әншісі Аида Гарифуллинамен қосылып орындаған еді. Бұл көпшілік асыға күткен әншілер жұбы болды. Өйткені Димаш Құдайберген жарқ етіп, Қытайда алғаш танылған кезде әлемдік деңгейдегі мықты әнші Лара Фабиан онымен бірге ән салуға ниетті екенін білдірген. Бірақ арадағы келісімшарттарға байланысты бұл сол кезде мүмкін болмаған. Міне, араға 1,5 жыл уақыт салып, Димаш Лара Фабианның жанынан табылды. Жанкүйерлер бұл көріністі көптен күткенін айтып, "Димаштың орны әлемдік сахна әрі ол осындай әлемдік деңгейдегі әншілермен иық тіресіп ән салуы керек" деп жарыса жазып жазды.

Лара Фабиан сол жолғы Димашпен жүздесуінде әлі де сахнаға бірге шығатындарын айтып қалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!