Атабаевтың қырсықтығының ар жағында үлкен қасірет жатыр – Тұрсынов

09:46, 30 шілде 2021

© Сурет: видеодан кадр

Белгілі режиссер Болат Атабаев жетпіс жасқа қараған шағында дүние салды. Теміртаудағы Неміс театрындағы еңбегімен танылған тұлға 40-тан астам спектакль қойып, бірнеше пьеса жазған, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

40-тан астам спектакль сахналап, қазақ орыс тілдерінде бірнеше пьеса жазған Болат Атабаевтың елге оралғанына аз ғана уақыт өткен болатын. Келе сала Алатау баурайындағы театрларды аралап, қойылымдарды тамашалаған белгілі режиссер өзінің мол мұрасымен бөлісу үшін жастармен жұмыс жасау жағын да қарастырған еді. Көздерінен оты жанған актерларды одан әрі биікке жетелеудің жолын білемін деген қайраткер, жақын күндері қызу тіршілікке кірісуді көздеген.

Азамат Сатыбалды, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының басшысы:

"Құлагер" спектаклін көргеннен кейін бір қатты әсереленіп бұл Құлагер деген жүйрік қой, жүйріктер өліп жатыр ғой, жүйріктерді өлтіріп жатыр ғой деп біраз есеңгіреп отырып қалды спектакльден кейін. Сөйлей алмай көзіне жас келіп. Тамыз айынан бастап ақырындап жұмысқа кірісеміз деп келіскенбіз. Енді өмір сондай, оказывается ағамыз бой жазып жүрген екен.

1952 жылы 14 мамырда Талдықорған облысындағы Тентек ауылында дүниеге келген Болат Атабаевтың бірбеткей мінезі мен өзіндік көзқарасы да көпшілік арасында кеңінен таныс. Ал, оны ең әуелі режиссерлік қырынан Теміртау қаласындағы Неміс драма театры танытқан. Бұдан кейін Грузия, Италия, Германия мемлекеттерінде білім алып, оның режиссерлігімен қойылған қойылымдар тек ТМД ішінде ғана емес, Еуропадағы халықаралық театр фестивальдерінде топ жарған.

Ермек Тұрсынов, режиссер:

Ол қазақтың бір үлкен суреткері. Ол бұрынғы Асқар Тоқпановтардың шәкірті. Үлкен дарынды режиссер. Өте білімді адам. Оны бәрі біледі де. Оның жақындары, онымен араласқан достары мінезі қандай екенін білетін. Бірақ, мінездің ар жағында не жатыр. Үлкен бір қасірет, үлкен бір трагедия.


Театр өнеріне өлшеусіз үлес қосқан тұлға 70- ке қараған шағында дерттен қаза тапты. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында жасаған еңбектерінің бағасын болашақ ұрпақ беретін болады дейді әріптестері.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!