Астаналық зағип шебер ерекше қолөнер бұйымдарын жасайды

10:04, 18 қазан 2018

Талант пен шығармашылық кез келген кедергіні жарып шығады. Оның дәлелі Александр Фролов, 47 жастағы азамат көзі көрмесе де қолдан ерекше бұйымдар жасайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

18 жасында Александр Владимирович көзі көруден қалып, 2 топтың мүгедегі болып қалады. Бірақ бұл жағдай оның қол қусырып отыра бермеуіне себеп болады. Ол Қазақстанға көшіп келген соң өзінің жаңа қырларын ашып, махаббатын кездестіреді.

Зинаида Ивановнамен Қарттар үйінде 23 жыл бұрын кездескен. Қазір бірге тұрып жатыр және бір бірін үнемі қолдап отырады.

Жары оған қолдан жасайтын бұйымдарына түстерін таңдап береді және осы машақаты көп оңай емес жолда арқа сүйері.

Бүгінде шебердің қолынан шыққан түрлі үлгідегі қобдишалар, гүл отырғызатын кашполар, құмыра, сөмке, гүлдерді, адамдар мен жануарларға да арнап жасаған дүниелерін көруге болады.

Саша ағай осындай әдемі туындылармен және ерекше іспен 1973 жылдан бері айналысады. Ол өзінің қызығушылығын алғаш жейдеге арналған белдік жасаудан бастаған.

Оның коллекциясында тек қана кіші белдіктер ғана емес, үлкендері де бар, оған 2000-нан астам моншақ кеткен.

«Мен бұйымдарды нені ойға аламын, содан жасаймын. Көбіне моншақтардан, сымдардан, телефонның кабелінен, қатты қағаздардан жасаймын, қазір металлды да қолдана бастадым. Материалдарды сүйемелдеушінің көмегі арқылы өзім сатып аламын немесе маған достарым қаладан жеткізіп береді, басқалар да әкеліп жатады. Тіпті медициналық системалардан да жасаған дүниелерім бар. Бір сөмкеге 1600 система кетті, ал бес бұрышты гүлге 50 шақтысы кетті», - деді А. Фролов.

Оның жұмысына әйелі көмектеседі, болашақ бұйымдарға қандай түстерді таңдау керектігіне жол нұсқайды.

«Бірде құрбым маған қоян сыйлады. Кешкісін күйеуімнің жұмысын бақылап отырдым, сөйттім де оған әзілдеп «менің қояныма да үйшік жасап берші» деп айттым. Сол күні ол кешкісін алқызыл қояныма себет тоқуға кірісті», - деп еске алады өмірлік жары Зинаида Шкитина.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!