Астаналық өрт сөндірушілер ер адамның мәйітін тапты

09:58, 10 желтоқсан 2018
322

Өрт Есенберлин көшесіндегі тұрғын үйдің бірінде болған, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​«6 желтоқсанда «101» пультіне Есенберлин көшесіндегі тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт орнына елордалық Өрт сөндіру қызметінің құрылымы жіберілді. №2 және №5 ӨСБ құрылымы келген кезде төрт қабатты тұрғын үйдің бірінде 5 шаршы метр аумақта жиһаз бен үйдегі тұрмыстық заттар өртеніп жатты. Өрт сөндіру кезінде оқиға орнынан 1960 жылы туған ер адамның мәйіті табылды», - деді баспасөз қызметінде.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!