Астаналық оқушы Ақкөлдегі лагерде суға батып кетті

15:04, 16 шілде 2018

Ақмола облысында 15 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД таратқан хабарламаға қарағанда, оқиға 9 шілдеде Ақкөл ауданындағы «Арман» балалар лагері аумағында болған.

Сол күні Ақкөл аудандық ӨБ диспетчерінен аталмыш лагерь маңдағы, яғни, аудан орталығынан 8 шақырым жердегі су қоймасында 2003 жылғы жасөспірімнің суға батып кеткендігі туралы ақпарат түскен.

Кейін баланың денесі сол су қоймасынан табылды.

Сондай-ақ, жасөспірімнің Астана қаласындағы мектепте оқитыны анықталып отыр.

"Қазіргі кезде баланың денесі мəйітханаға жіберілді. Сондай-ақ, соттық медициналық сараптама тағайындалып, тексеріс жүргізілуде", - деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнəр Пинчук.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!