Астанадағы мектепте қашықтықтан оқыту басталды
«SVободны от школы» жобасы эксперимент ретінде №22 мектеп-гимназиясының базасында жүзеге асырылуда. 1-4-сынып оқушылары 2018 жылдың екінші тоқсанынан, ал бесінші сынып оқушылары қараша айынан оқып бастайды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
Жоба «Moodle» платформасында қашықтықтан білім беру формасын қалыптастыру» деп аталады.
«Біз оны 2018 жылдың тамыз айында Астана қаласының Білім басқармасының ғылыми кеңесінде қорғадық. Қыркүйек айында жобаны №22 мектеп-гимназияның базасында жүзеге асыра алатынымыз туралы бұйрық алдық. Жобаны үш жыл бойы қорғадық. Ол көптеген маңызды кезеңдерден тұрады. Біз халықаралық тәжірибені зерттедік, сол себепті жоба жоспарға сәйкес жүзеге асырылуы керек екенін түсінеміз. Қазіргі күні жобаның бірінші кезеңінде балаларын қашықтықтан білім алуына мүдделі ата-аналар қауымдастығын құрып жатырмыз, одан соң оқушылар ағымын қалыптастырамыз», - деді жобаның ұйымдастырушысы Вера Садыкова.
Оның айтуынша, 1-4-сынып оқушылары жобаға қатыса бастады, ал бесінші сынып пен одан жоғарылары қараша-желтоқсан айларында қатыстырылады.
«9-11-сынып бойынша биыл оларды жобаға қатыстырмаймыз деген шешімге келдік. Себебі олар емтиханға дайындалып жатыр. Бірақ ата-аналар мен оқушылардан өтінімдер көп түсуде. 1-4-сынып оқушылары 2018 жылдың екінші тоқсанынан бастап қашықтықтан оқуды үйренеді», - деді ол.
Жүйе Moodle платформасында жүзеге асырылуда. Әр оқушыға жеке кабинет ашылады. Алайда ата-аналар алдымен №22 мектеп-гимназиясы және «Жүйелік технологиялар орталығымен» келісім-шарт жасау керек.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:42, 17 сәуір 2024
Ақтөбе облысының прокуратурасы бюджет қаражатының заңсыз жұмсалғанын анықтады
-
22:28, 17 сәуір 2024
Астанада адам саудасымен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды
-
22:23, 17 сәуір 2024
Алматыда лай көшкіні жүріп, жолды бүлдірді
-
22:15, 17 сәуір 2024
«Бес бала уланды». Талғар ауданындағы мектептердің бірінде сырлау жұмысы жүргізілген
-
21:55, 17 сәуір 2024
Үндістаннан Қазақстанға әкелінген тырысқақ ошағының көзі жойылды