Астанадағы көпір мүгедектердің жүріп-тұруына ыңғайсыз

15:58, 19 шілде 2018

Жаңа көпірді салу барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайы ескерілмеген. Бұл туралы бүгін елорда әкімдігінде өткен мүгедектерге арналған әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділік мәселесі бойынша кеңес барысында инклюзивті дизайн орталығының жетекшісі Алмаз Ержан айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

«Астанада жаңа көпір дұрыс салынбады. Ол мүгедектер үшін ыңғайсыз. Көпірді салу барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы ескерілмеген. Соған қарамастан көпір тұрғызылды», - деді ол шенеуніктерге.

Бұдан бөлек, қоғам белсендісі жағалауға мүгедектердің де балық аулауға мүмкіндігі болу үшін арнайы орындар құруды ұсынды.

Ол сондай-ақ, қалалық билікке қаланың жолдарында және үй-жайда тактильді плиткаларды қолданудан бас тартуға кеңес берді.

"Бұл – өткен ғасырдың белгісі. Біз жаңа технологиялар дәуірінде тұрып жатырмыз. Бізде мобильді қосымшалар, арнайы құрылғылар бар. Сондықтан тактильді плитка қажет емес. Ертең плитка салынған жерді қайтадан қопарасыздар. Оны істеудің қажеті жоқ. Бұл – халықтың ақшасы. Шетелдің тәжірибесін қолдану керек. Астананы «ақылды қала» дейміз. Біз инновациялық жүйелерді зағип жандардың мәселесін шешу үшін қолдануымыз керек", - деді Ержан.

Сөз соңында инклюзивті дизайн орталығының жетекшісі әкімшілік қызметкерлерін мүгедектерге арналған ескерткіш орнатуға шақырды.

«Бұл мүгедектерге арналған ұранымыз, шақыруымыз және ынталандыруымыз болады. Қазақстанда 1 миллионнан астам мүгедек адам бар. Олар туралы жәй әңгіме қылып, мүгедектердің мәселесін талқылағанмен, біз бұл мәселені шешпейміз. Біз әрекет етуге тиіспіз», - деді ол.

Қала әкімі Әсет Исекешев қоғамдық қайраткер атап өткен барлық мәселелерді келесі жолы адам саны аз ортада жете талқылауды ұсынды.




Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!