Астанадағы әрбір құдыққа видеокамера орнату қажет пе
"Astana Innovations" АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сартаев қала құдықтарына арналған инновациялық шешімдер туралы журналистер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еске сала кетсек, 26 қараша күні астаналық оқушы ашық тұрған кәріз құдығына құлап, мерт болған еді.
"Құдықтардың ашық қалуы бүгін пайда болған мәселе емес. Бұл барлық қалада кездеседі. Оны қалай шешуге болады? Құдықтарды мүлдем ашпайтындай етіп жауып тастауға болар еді. Бірақ мамандар үшін бұл ыңғайсыз. Журналист әрбір құдыққа камера орнатуды ұсынуда. Әрине, адам өмірі қиылып отыр. Бірақ, қала бойынша 10 мыңдаған құдық бар, оның бәріне камераны кімнің есебінен орнатамыз?", - деді Олжас Сартаев Астана әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, камера орнату үшін құдықтарға электр және байланыс желілері қажет.
"Біздің тікелей міндетіміз болмаса да, бұл мәселені назарға алып отырмыз. Әлемдік тәжірибеде құдықтың ашық қалғаны туралы хабар беретін арнайы тетіктер бар. Бірақ, барлық он мың құдықты мұндай тетіктермен жабдықтау қымбатқа соғады", - деді Astana Innovations басшысы.
Айта кетейік, қайғылы оқиғадан соң, қала әкімі Бақыт Сұлтанов кәріз құдықтарын күнделікті тексеруді тапсырды.
Қала басшылығы тұрғындардан ашық жатқан кәріз құдығын, не құдық маңында жүрген күдікті жандарды көрген жағдайда, немқұрайлылық танытпай, 109 қызметіне хабарлауды сұрайды.
Айжан Серікжанқызы.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:45, 25 сәуір 2024
Тоқаев ел азаматтарын өзгелердің ақпараттық майданына араласпауға шақырды
-
12:28, 25 сәуір 2024
Президент Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдіргендер туралы айтты
-
12:16, 25 сәуір 2024
Лаңкестік қауіп-қатерлер тағы да алғы шепке шықты, деп есептейді Тоқаев
-
11:42, 25 сәуір 2024
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында Тоқаев қандай мәселелерді көтерді
-
11:03, 25 сәуір 2024
Алматыдағы түңгі клубта арнайы операция өткізілді