Астанада журналист келіншекті ұрып өлтірген күдіктіге қатысты сот басталды

10:49, 11 қаңтар 2019
389

34 жастағы азамат кінәсін жартылай мойындап отыр. Айтуынша, әйелін өлтіру ойында болмаған екен. Тек, қызғаныштың кесірінен ұрмақ болыпты деп хабарлайды zakon.kz, «КТК» арнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Бірақ, басына тиген ауыр соққыдан Ирина Бекетова үйінің ауласында көз жұмған. Қылмыс 3 жарым ай бұрын болған еді. Республикалық сайттың тілшісі, 37 жастағы марқұмның артында төрт баласы қалды.

Оның екеуі Анатолий мен Иринаның ортақ балалары. Айыпталушының туыстары үш жылдай азаматтық некеде тұрған ерлі-зайыптылардың үнемі жанжалдасып калатынын айтып отыр.

Александра, Айыпталушының әпкесі: -Інім қол көтерсе, үйден қуып шық деп Иринаға талай ескерттім. Бірақ, мені тыңдамай Анатолийдің қорлығына төзіп келді. Жақсы көрді ма немесе оны аяған шығар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!