Астанада ұры көшеде кетіп бара жатқан әйелдің алқасын жұлып әкетті

17:45, 1 қазан 2022
187

© Сурет: Zakon.kz

Астана қаласындағы Абылай хан даңғылында кешкі уақытта 42 жастағы әйелге тонау мақсатында шабуыл жасаған. Қаскүнем әйелдің артынан жақындап келіп, мойнындағы алтын алқасын жұлып алып, қашып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қашқын күдікті сыртқы бейнебақылау камераларының объективіне түсіп қалған, деп жазады polisia.kz-ның Telegram арнасы.

Полиция 33 жастағы ер адамды ұстады. Қаскөй 400 мың теңге тұратын ұрланған зергерлік бұйымды ломбардқа өткізіп үлгерген. Алтын алқа тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

"Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз айыбын мойындады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!