Астанада түнгі уақытта тыныштықты бұзумен күрес бойынша рейд жүргізілді

16:17, 25 маусым 2017

Тұрғындар тарапынан түнгі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілетіндігі жөнінде шағымдардың көбеюіне байланысты елорда әкімдігі Астана қаласының ІІД-мен бірлесіп рейд жүргізді.

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзу (құрылыс жұмыстары жүргізілуде) бағытына ерекше назар аударылып келеді. Қала әкімінің тапсырмасынан кейін соңғы екі тәулікте сағат 23:00-ден 07:00-ге дейін 34 өтініш қабылданды.

Қоңыраулар «109 кезекшілік қызметі» ММ түседі. Қабылданған ақпаратты сараптау тәртібі: өтініш, өтініш білдірушінің мекенжайы, жеке мәліметтері, одан кейін құрылыс насанынның орналасуы туралы ақпарат «102» пультіне, құрылыс басқармасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауына және аудандық әкімдіктерге жіберіледі. Жұмыс мерзімі – өтінішті 2 сағат ішінде қарау. Өз кезегінде «109 кезекшілік қызметі» мәліметтерді 300 бағыт бойынша жүргізеді. Сонымен қатар өтініш білдірушілер өз шағымдарын Smart Astana қосымшасы, сондай-ақ «109 кезекшілік қызметінің» әлеуметтік желілердегі «Фейсбук», «Инстаграм», «Твитер» ресми парақшалары арқылы бағыттай алады.

Сенбіден жексенбіге қараған түні 23:00-де «Комфорт таун» ТК тұрғынынан қоңырау келіп түсті. Шағымданушы 38 («Саранда» ТК) ауданында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын және құрылыстың дыбысы жақын маңдағы кешен тұрғындарының түн тыныштығын бұзатындығын жеткізді.

Бұл жерге Астана қаласы Есіл ауданының ІІД қызметкерлері жедел жеткен. Тұрғындардың титығына тиген нысан 39 көшесіндегі «Nova City» ТК орналасқан. Құрылысты «Luxor.kz Company» ЖШС жүргізуде. Шақыртудан кейін мердігер компания өкілі сол уақытта құрылыс басында бетон қабылдау жүргізілгенін, ал қатты дыбыс шығатындай өзге жұмыстар жүргізілмегені туралы түсініктеме берді. Ары қарай аталған ЖШС басшысы атына Есіл ауданының ІІД бөлімшесіне кәсіпкерліктің түрін анықтау үшін барлық қажетті құжаттармен келу туралы шақырту берілді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!