Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

09:05, 1 қазан 2022
269

© Сурет: polisia.kz

"Вираж-2022" оқу-жаттығуы 1 қазанда күндізгі сағат 10.00-ден бастап 12.00-ге дейін терроризмге қарсы елордадағы жедел штабтың оқу орталығы аумағында (АН64 айналма жолы, көлік базарының маңы) құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өткізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-жаттығудың мақсаты - терроризмге қарсы күш-құралдардың дайындығын тексеру және төтенше жағдай кезінде бірлескен тактикалық іс-қимыл барысында тиісті күштердің өзара әрекет ету тиімділігін арттыру.

Шара қарулы қақтығысқа барынша ұқсас, әртүрлі күрделі элементтерден тұрады.

Сондықтан көлік қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін. Бұл тыйымдар, атап айтқанда, АН64 айналма жолына қатысты. Қалада әскери техника бой көрсетеді.

Осыған байланысты азаматтардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, сақтық шараларын қатаң сақтауын, мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауын және тек қана ресми ақпарат көзіне сеніп, ел арасында жалған хабар таратпауды сұраймыз, деп ескертеді жедел штабтағылар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!