Астанада тегін донерге 4 мың адам жиналған

23:36, 26 қыркүйек 2024

© Сурет: pixabay

Астанада тегін донерге 4 мың адам жиналған. Оқиға орнында түсірілген видео желіде тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Тегін десе болды бізге... Астанада тегін донер таратылады деген жарнамаға 4 мың адам келген. Адамның көптігінен 4 көшеде кептеліс болған. Оқиғаны реттеуге тәртіп сақшылары да тартылған", - делінген жазбада.

Болған жағдайға қатысты Астана полиция департаменті түсініктеме берді.

"25 қыркүйекте мекеменің ашылуы мен донерге жеңілдікпен талон тарату кезінде көп адам жиналды. Есіл ауданының полициясы мен әкімдік қызметкерлері жағдайды реттеу және қысымның алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдады. Полиция қызметкерлері ұйымдастырушылардың тұлғасын анықтап, жеке кәсіп иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!