Астанада тауардың құнын көрсетпей сатқан 14 кәсіпкер жазаланды

14:16, 26 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Астана қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы Нұрғали Егембердиев кәсіпкерлердің тауар бағасын көрсетпей қаншалықты жиі сататынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол сатып алушылардың өтініштері негізінде 14 кәсіпкер елдің сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.


"Олар ӘҚБтК-нің 193-бабының 4-бөлігі бойынша"ҚР аумағында тауардың теңгедегі бағасын көрсетпей өткізу не құны жапсырмамен ресімделген бағадан асатын тауарды өткізу" бойынша жауапқа тартылды. Мұндай бұзушылық шағын бизнес субъектілеріне – 6, орта бизнес субъектілеріне – 10, ірі бизнес субъектілеріне-30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осылайша, айыппұлдың жалпы сомасы 343 400 теңгені құрады", — деп атап өтті спикер.

Осы бап бойынша әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап бұзылған жағдайда шағын бизнес субъектілеріне – 65, орта бизнес субъектілеріне – 120, ірі бизнес субъектілеріне-200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!