«Астанада полицей қыз зорлады» - ПД түсініктеме берді
© Фото: polisia.kz
Астанада полиция зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылғы 29 қарашада әлеуметтік желілерде Астанада жалдамалы пәтерде Ақмола облысы ПД Бурабай ауданы ПБ жедел уәкілі, аға лейтенанттың 21 жастағы қызды зорлағаны туралы ақпарат пайда болды.
Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Тергеу жүргізілуде. Күдікті — бұрынғы полиция қызметкері, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол теріс себептермен ІІО-дан босатылды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді", — делінген түсініктемеде.
Бұған дейін Астанада күтуші әйел жарты млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлағаны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:54, 29 қараша 2024
Атыраулықтар сібір жарасына байланысты тіпті тексерілген жерден ет өнімдерін сатып алуға қорқып қалған
-
14:41, 29 қараша 2024
Мұз айдындары, сырғанақтар, фотоаймақтар: Астана жаңа жылға орай қалай безендіріледі
-
14:29, 29 қараша 2024
Қазақстанда 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру басталды
-
14:15, 29 қараша 2024
Депутаттар «7-20-25» бағдарламасының шарттарын қайта қарауды ұсынды
-
13:59, 29 қараша 2024
Баян Алагөзованың отбасы тағы бір жанмен толықты