Астанада отбасылардың 80 пайызы жұмыстың жоқтығынан ажырасады

14:27, 16 қаңтар 2017

Астанадағы отбасылардың 80 пайызы жұмыстың жоқтығынан және алкольді ішімдіктің кесірінен ажысарады. Бұл туралы бүгін Астана қаласы Сарыарқа сотының қорытынды жиналысында судья Ләйла Мұздыбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Сарыарқа аудандық сотының төрағасы Арман Жүкеновтің айтуынша, былтыр аудандық сот ажырасуға қатысты 1300 істі қараған. «2015 жылы ажырасуға қатысты 1400 іс қаралса, 2016 жылы 1300 іс қаралды. Соның ішінде, судьялар 118 отбасын ымыраға келтіріп, татуластырды. Яғни, судьялар 118 отбасын сақтап қалды»,-дейді А.Жүкенов.
 
Ал, судья Ләйла Мұздыбаева статистикаға сүйенбей-ақ, ажырасудың басты себебін атап бере аламын, дейді.
 
«Жеке тәжірибеме сүйене отырып, статистикаға қарамай-ақ, ажырасудың басты себебін айтып бере аламын. Көп отбасы экономикалық тұрғыда, яғни, жұмыстың жоқтығынан ажырасады. Яғни, отағасы көп жағдайда жұмыс істемейді, отбасын асырай алмайды. Әйелдердің сотқа жүгінуіне де басты себеп осы. Ажырасулардың 80 пайызы жұмыссыздық пен алкогольдік ішімдіктің кесірінен болады»,-дейді Л.Мұздыбаева.
 
Фото: inform.kz

Дереккөз: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!