Астанада менингит жұқтырған тағы 2 оқушы ауруханаға жатқызылды

09:11, 23 қазан 2018

Астанада екі бала вирустық менингит диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер дәл қазір инфекциялық балалар ауруханасында 7 адамға "вирустық менингит" диагнозы қойылғанын хабарлады деп жазады sputniknews.kz.

Бұған дейін 5-16 қазан аралығында сегіз баланың ауруханаға жатқызылғаны хабарланған еді.

"Осы аптада үшеуі емделіп шықты. Жұма күні екеуі жатқызылды. Келесі аптада үйлеріне шығарылып, мектепте оқуларын жалғастыратын болады", — деді департамент басшысы Сәдуақас Байғабылов пресс-конференция кезінде.

Сондай-ақ, ол вирустық менингитке байланысты қалада жағдай тұрақты және алаңдауға еш себеп жоқ екенін айтып өтті. Бұл аса кері әсерін тигізбейтін маусымдық ауру.

Қазақстанда халықтың 100 мыңға шаққанда 0,5-і осы ауру түріне шалдыққан. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің орынбасары Лаура Ахметниязова айтып берді.

"Астана қаласы бойынша менингококктық инфекция диагнозымен бір науқас емделіп жатыр. Стационарда тағы бір науқас менингококк инфекциясын жұқтырған болуы мүмкін деген күдікпен қаралып жатыр. Ол Ақмола облысының тұрғыны", — деді Ахметниязова.

Ол науқастардың жағдайы тұрақты екенін айтып өтті.

Вирустық менингит бұл аурудың басқа түрлерінен несімен ерекшеленеді

Вирустық менингит көп жағдайда тез емделіп шығатынымен ерекшеленеді. Вирустық менингиттің алғашқы белгілері — бас ауруы, жүрек айну және құсу. Ол денесінде осы инфекция бар адамдармен қарым-қатынаста болған кезде жұғады. Ал ауа арқылы өте сирек жағдайда жұғады.

Оның алдын алу үшін қарапайым гигиена ережелерін сақтаса жеткілікті.

Жыл сайын Қазақстанда вирустық менингит жұқтырған 700 жағдайға дейін тіркеледі. Осы жылдың тоғыз айында мемлекетте — 575, ал Астана қаласында — 196 жағдай тіркелді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!